
Құрметті достар!
Балалар өздерін сенімді ұстап, нық сөйлеп, белсенді өмір сүруі үшін – «Qazaq Logoped» бағдарламасын жасап шығардық. Бұны жасау үшін біліктілігі жоғары үлкен команда жұмыс істеді. Біз жоғары талаптарға жауап беру үшін көп күш жұмсадық.
«Qazaq Logoped» балаңыздың анық сөйлеуіне, дамуына үлес қосады деп сенеміз!
Құрметпен, автор Камила Искакова

Ғылыми-практикалық зерттеудің нәтижесі
Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік оңалту мәселелерін зерттеу және заманауи әдістер мен технологияларды әзірлеу. «Жарайсың» медициналық-әлеуметтік жобасы» аясында біз Астана, Көкшетау, Рудный қалаларында шетелдік мамандардың қатысуымен бірқатар оқыту шараларын өткіздік.
Осы жобаны іске асыру барысында 150 ата-ана мен арнаулы әлеуметтік қызметтің қызметкерлері бала күту дағдыларына, оның ішінде оңалту жабдықтары, емдік дене шынықтыру және дефектология әдістері, еңбек терапиясы, сондай-ақ ана мен балаға психологиялық қолдау көрсету бойынша оқытылды.
